30.03.2024, 0:07
Оқылды: 54

Казталов ауданы: су тасқыны сейілгенше қауіпсіздік сақталады 

Казталов ауданында басталған көктемгі су тасқыны уақыт санап қарқын алып келеді. Қауіптің алдын алу шаралары жіті бақылануда. Жалпақтал ауылының тұрғындары тәулік бойы кезекшілікте тұрып, мекеме-ұйым жұмысшылары белсенді қызмет көрсетіп жатыр.

20240329_203748

Олар Сәукенов көшесінің бойынан қажетті жерлерді биіктетіп көтеру үшін қапшықтарға топырақ толтырып алдын ала дайындауда. Жұмысқа тартылған барлық адамдар белсенділік танытып, тыным таппай еңбек етуде.

Су Казталов 2024

Шұғыл мәлімет дерегі бойынша түнгі сағат 23:30-да тасқын судың көтерілу мөлшері 7:18 деңгейін көрсетті. Су тасқыны сейілгенше қауіпсіздік жұмыстары сақталатын болады.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале