Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен «KL-KT Талдыапан ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолы 9-20 шақырымына орташа жөндеу» нысанына ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді.
2023 жылғы 29 желтоқсандағы конкурс қорытындысымен аталған нысанның жеңімпазы болып «Нұр-Құрылыс-80» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылды.
Мердігермен 2024 жылы 23 қаңтарда келісімшартқа қол қойылды. Ведомствалық сараптама қорытындысы бойынша «KL-KT Талдыапан ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолы 9-20 шақырымына орташа жөндеу» жұмыстарының ұзақтығы 6 ай. Жөнделетін жолдың ұзындығы 11 шақырым. Қазіргі уақытта қажетті материалдарды тасу жұмыстары жүргізілуде.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы