24.01.2024, 20:00
Оқылды: 54

Казталов ауданы: Талдыапан жолы жөнделеді

Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен «KL-KT Талдыапан ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолы 9-20 шақырымына орташа жөндеу» нысанына ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді.

IMG-20240124-WA0023

2023 жылғы 29 желтоқсандағы конкурс қорытындысымен аталған нысанның жеңімпазы болып «Нұр-Құрылыс-80» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылды.

Мердігермен 2024 жылы 23 қаңтарда келісімшартқа қол қойылды.​ Ведомствалық сараптама қорытындысы бойынша​ «KL-KT Талдыапан ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолы 9-20 шақырымына орташа жөндеу» жұмыстарының ұзақтығы 6 ай. Жөнделетін жолдың ұзындығы 11 шақырым. Қазіргі уақытта қажетті материалдарды тасу жұмыстары жүргізілуде.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале