2.06.2021, 9:30
Оқылды: 68

Казталовта «Жасыл ел» еңбек жасақтары өз жұмысын бастады

1 маусым күні Казталов ауданы орталығындағы «Достық» саябағында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының еңбек маусымы салтанатты түрде ашылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, дербес бөлім басшылары қатысты.

5987D7E7-7C89-4729-9C06-85CA315B9408

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы бұл біздің жастарымыздың отансүйгіштігінің, еңбексүйгіштігінің тағы да бір көрсеткіші», - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, аталмыш бағдарламаны іске асыруға күні бүгінге дейін қаншама жастар қатысып үлгерген. Олар мыңдаған ағаш отырғызып, еліміздің түкпір-түкпірін абаттандырды. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы бұнымен тоқтап қалмай, биыл да өз жұмысын белсенді түрде жалғастырмақ.

Аталған шараға Орал қаласынан жерлесіміз, «Назар аудар» театрының белді мүшесі Самат Қабиев және өзге де өнерпаздар шақырылды. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы жұмысшы жастар үшін кезекті еңбек маусымының ашылу салтанатымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ шара соңында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының эмблемасы белгіленген әуе шарлары көкке көтерілді.

E11FF139-963D-4B5C-B9E9-1BDD010902A8

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Аңсар Ибраевтың сөзіне сенсек, Казталов ауданында 2021 жылы жоспарға сәйкес «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы маусым-шілде айларында жалпы 80 студентті қамтып отыр.

- Биыл жоспарға сәйкес 80 студент жұмыспен қамтылып, екі кезеңде қызмет атқару жоспарланып, алғашқы кезең бастау алуда. Нақтылап айтар болсақ, Казталов, Жалпақтал, Жаңажол, Болашақ, Қайыңды, Қошанкөл ауылдық округтерінде биыл «Жасыл ел» сарбаздары еңбек ететін болады. Казталов, Жалпақтал ауылдық округтерінен өзге әр ауылдық округте үш «Жасыл ел» сарбазы еңбек етеді. Қазіргі таңда Студенттік құрылыс жасағына қабылдаулар жүргізілуде. Алдағы айларда жұмыспен қамту орталығы арқылы мердігер компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, жастарымыз жазғы демалыс кезінде мерзімді жұмыспен қамтылады, - деді орталық басшысы.

«Жасыл ел» сарбаздары туған жерімізді көгалдандырып қана қоймай, тұрғындарға экологиялық сауаттылықты насихаттауға зор үлес қосып жүр. Біз де жастардың жұмысына сәттілік тіледік.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале