Теміртау қаласында пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Байрақты бәсекеде Казталов ауданының намысын Әли Ермек қорғады.
36 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз жүлделі III орынды жеңіп алып, қола жүлдегер атанды.
Әлидің чемпионатта жеңіс тұғырынан көрінуі - бапкері, аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Айдын Елемесовтің еңбегінің арқасы. Күн-түн демей, жарысқа дайындатып, жалпы спорттың осы түріне баулыған да бапкері болатын. Әли мен Айдын Елемесұлын жеңістерімен құттықтаймыз!
Айта кету керек, Теміртау қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 10 шілдеге дейін жалғасады.
Әсем Болат,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz