20.05.2026, 16:30
Оқылды: 5

Казталовтық шәкірттің жетістігі ел мерейін өсірді

 

Ақтау қаласында өткен VII республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсында дарынды жастардың таланты тағы бір мәрте танылды. 18–20 мамыр аралығында ұйымдастырылған республикалық байқауға еліміздің 21 өңірінен келген 177 оқушы қатысты. 

image-20-05-26-03-46

Байқаудың басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбаевтың мол мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың рухани құндылықтарға деген құрметін арттыру және шығармашыл жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту.

Биылғы додаға әдебиет, өнер, білім және мәдениет саласының білікті мамандарынан құралған 15 әділқазы алқасы төрелік еткен байқауда Әбіш шығармаларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Нұрдәулет Ғазизжан ерекше өнерімен дараланып, республикалық деңгейдегі сайыста І орын иеленді.

Нұрдәулет сахна төрінде Әбіштің терең философияға толы шығармаларын жүрекпен жеткізіп, көрерменнің де, қазылар алқасының да жоғары бағасына ие болды.

Сөз құдіретін сезіне білген жас дарын өзінің ерекше дауыс мәнерімен, сахна мәдениетімен және шығарманы шынайы жеткізе білу қабілетімен көпшілікті тәнті етті.

Бұл жеңіс тек Нұрдәулеттің ғана емес, оны білім мен өнерге баулыған ұстаздарының, қолдау білдірген ата-анасының және білім ордасының ортақ жетістігі.

 

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале