Бүгінде жаһанды жайлаған кеселдің жолын кесер бірден-бір жол – әрине, вакцина деп білемін. Дәрігер болған соң күн сайын науқастармен және әріптестеріммен кездесіп, жұмыс істеймін. Сол себепті айналамдағы адамдардың, отбасымның амандығы үшін вакцинадан бас тартпадым. Жаңақала ауданына жуырда келген «Hayat-Vax» вакцинасын жақында қабылдадым. Екі кезеңін де алдым, ешқандай жанама әсері болған жоқ.
Менің ойымша, әр қазақстандық вакцина салдыруы керек. Вакцина алған адамның ағзасында коронавирусқа қарсы тұратын антидене қалыптасады. Әр адамның ағзасы әртүрлі болады. Кейбір адамдар вакцина алған соң мүлдем ауырмауы бек мүмкін. Сондықтан инфекция қазірден бастап кең етек алмасын десек, екпе салдырудан бас тартпағанымыз жөн. Ұжымдық иммунитетті неғұрлым тез қалыптастырсақ, соғұрлым бұл аты жаман індеттен ерте арылып, қалыпты өмірге оралатынымызға сенемін. Сондықтан аудандық ауруханадан «Спутник-V», «Hayat-Vax» және жақында келген «QazVac» (QazCovid-in) вакцинасын алуға кеңес беремін.
Нұрберген Тілепбергенов,
Жаңақала аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері