«Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қаражат бөлініп, бірқатар елдімекенге жаңадан су құбыры тартылды.
Оның ішінде Теректі ауданының Шағатай ауылдық округіне қарасты Қоғалытүбек ауылы да бар. Кеше су құбыры іске қосылып, маңызды оқиғаға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, «AMANAT» партиясы аудандық филиаланының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, «ПМК 117» ЖШС басшысы Станислав Кирилин мен ауыл тұрғындары, еңбек ардагерлері куә болды.
Әлия Биғазықызы таза ауыз судың маңызына тоқталып, көптен күткен қуанышқа ортақ екендігін айтты.
Қоғалытүбектік ауған соғысының ардагері Алтай Қосмурзиев ағайынның атынан алғыс білдірді.
Лента қию рәсімінен кейін аудан басшысы еңбек ардагерінің шаңырағына аялдап, мердігер компания атынан су жылытқыш сыйлады.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы