18.07.2022, 14:45
Оқылды: 40

Конкурстың аудандық кезеңі қорытындыланды

Бүгін «АMАNАТ» партиясының Қаратөбе аудандық филилалының мәжіліс залында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысына сай шара өтті.

 Мерейлі отбасы2.jfif

Бірнеше жылдан дәстүрлі өтіп келе жатқан атаулы конкурстың аудандық кезеңіне биылғы жылы 4 отбасы қатысты.

Аталмыш  шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин алғы сөзімен ашты.

«Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Самал Ыбырайқызы сөз сөйлеп, конкурстың аудандық кезеңіне қатысқан аққозылық  Аққалиевтер, жусандыойлық  Қойшиевтер, сулыкөлдік Есқалиевтер, саралжындық Ерғожиндер отбастарына алғысын білдіріп марапаттар мен аталымдар және сыйлықтар табыстады.

– Алдағы уақытта конкурстың аудандық кезеңіне аудан бойынша отбасыларын көптеп тартуымыз керек. Жарысқа қатысушы жанұяларды  конкурсқа әзірлеуде жергілікті жердегі тиісті орындардың ықпалы болуы тиіс. Жасыратыны жоқ кемшіліктер кездесіп жатады.

Конкурстың аудандық кезеңін ұйымдастырып, оған қатысушы отбасыларына жан-жақты кол ұшын созу баршамызға ортақ іс, - деді «Қаратөбе әйелдері»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы Самал Оразалина.

Мерейлі отбасы.jfif

Шара  барысында аталмыш конкурстың жеңімпазы ретінде танылған  аққозылық Аққалиевтер отбасының отағасы Қылыш Аққалиев, «Өнегелі отбасы» аталымын иеленген Есқалиевтер отбасының отағасы Бақтыбай Есқалиев, «Ізгілікті шаңырақ»  атанған Ерғожиндер отбасының отағасы Ертілеу Ерғожин өз пікірлерін ортаға салып, конкурстың аудандық кезеңін ұйымдастырушы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлы мен «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Самал Ыбырайқызына алғыстарын айтты.

Аудандық кезеңнің жеңімпаздары болып танылған аққозылық Аққалиевтер мен жусандыойлық Қойшиевтер отбасылары конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz    

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале