6.04.2022, 17:35
Оқылды: 65

Қоржында қос қола, бір алтын

Таяуда Сырым ауданы Жымпиты ауылында қазақ күресінен 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткен болатын. Бұл жарысқа 380-ге жуық палуандар қатысты. Жарысқа Жаңақала, Жәнібек, Бөкей ордасы, Казталов, Ақжайық, Тасқала, Шыңғырлау, Қаратөбе, Сырым аудандары және Орал қаласының командалары қатысты.

Қоржында қос қола бір алтын

50 кг салмақ дәрежесінде Айбатыр Миразат қарсыластарының барлығынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. 46 кг салмақта сынға түскен Райымбек Серікқали жүлделі ІІІ орын алса, 75 кг салмақтан Иса Ғарифолла қола жүлдені қанағат тұтты. Қазақ күресінің жаттықтырушылары Замир Батыров пен Мәди Арыстанғалиев баптап апарған жерлес спортшыларымыз қоржынға үш медаль салып қуантты.

- Жас палуандарымыз барын салып күресті. Нәтиже жақсы. Қазақ күресінен ұйымдастырылған чемпионат жоғары деңгейде өтті. Спортшы жарысқа қатысу арқылы тәжірибе жинайтынын ескерсек, алдағы уақытта да жүлде салады деген ойдамыз. Аудан намысын абыройлы қорғайтын спортшыларды шығара беруге жұмыстанатын боламыз, - дейді Замир Серікұлы.

Ж.Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале