Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №568 жарлығы бойынша көпбалалы ана Жәудір Әділбаеваны «Күміс алқамен» марапаттады.
Еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосып жүрген көпбалалы отбасылардың қоғамдағы рөлі қашан да ерекше. Сондықтан оларға қандай құрмет көрсетсе де лайық. Осы орайда аудан әкімі Әлия Биғазықызы отбасында 4 қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған Жәудір Берістемқызына «Күміс алқа» тағып, жылы лебізін білдірді.
Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz