3.06.2021, 18:28
Оқылды: 76

Күміс алқамен марапатталды

Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №568 жарлығы бойынша көпбалалы ана Жәудір Әділбаеваны «Күміс алқамен» марапаттады.

E0316C7B-2FB2-4910-BCC2-D940826BE224

Еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосып жүрген көпбалалы отбасылардың қоғамдағы рөлі қашан да ерекше. Сондықтан оларға қандай құрмет көрсетсе де лайық. Осы орайда аудан әкімі Әлия Биғазықызы отбасында 4 қыз, екі ұл тәрбиелеп  отырған Жәудір Берістемқызына «Күміс алқа» тағып, жылы лебізін білдірді.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале