15.04.2024, 17:14
Оқылды: 64

Құтқарушы Мейржан Жанғалиев сәбиді аман алып қалды

Биылғы жылдың 13 сәуір күні сағат 15:30 шамасында Бірлік ауылдық округі Әжібай ауылы Мәдениет көшесі №3/1 үйдің  тұрғындары, көп балалы Кенжиндар әулетінің кішкене сәбиі сырттағы әжетханаға түсіп кетіп, көршісі Мейржан Жанғалиев оқиға орнына жетіп, сәбиді өлім аузынан құтқарып қалды.

WhatsApp Image 2024-04-15 at 17.43.51
Оқиға орын алған уақытта көп балалы жанұяның отағасы Исатай Кенжин де, жолдасы Ажар Айсағалиева да жұмыста болған. Үйде үлкен балалармен қалған кенже қызы 1 жастағы Ясмина Исатайқызы Қасымғали аулада ойнап жүріп, көзден таса болып, осы жағдайға ұшыраған. Мұны көрген әпкесі жедел түрде телефон арқылы көршілерге хабар берген. Аудан орталығында №11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші–құтқарушысы болып қызмет атқаратын Мержан Мирамұлы үйінде демалыста болған. Сын сағатта сәбидің қасынан құтқарушы арнайы маманның табылуы кездейсоқ емес шығар?!

Бейбіт заманда үлкен ерліктің үлгісін көрсеткен құтқарушы Мержан Мирамұлы Жанғалиев 1994 жылы Әжібай ауылында дүниеге келген. Казталов ауылындағы №11 Өрт сөндіру бөлімінде 2017 жылы наурыз айының 10 күнінен бастап өрт сөндіруші – құтқарушы лауызымында күні бүгінге дейін жұмыс істейді. Еңбек өтілі 7 жыл 1 ай. Әскери атағы азаматтық қорғау кіші сержанты.

Нұр Рахман, 

Казталов ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале