Жәнібек ауданына қарасты Борсы ауылының тұрғыны Д.Қадыралиеваның еркін жайылымда жүрген 3 бас ірі қара малы 2015 жылғы желтоқсанда қолды болған.
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ақылбек Елекешовтың бізге берген мәліметіне сәйкес, аталған азаматшаның малын ұрлаған Қамысты ауылының А. есімді тұрғыны екені жақында анықталды.
Бұл іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Н.Өтей