13.05.2022, 22:05
Оқылды: 91

Мемлекеттік қызметкер көпке үлгі болуы керек

Теректі ауданына жұмыс сапарымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Аманқос Жұбаныш, Әдеп жөніндегі Кеңес мүшесі, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акдемиясының БҚО бойынша филиал директоры Шынар Габдрахманова келді. 

FB_IMG_1652459980177

Қонақтар алдымен Теректі аудандық жұмыспен қамту орталығы және ХҚО жұмыстарымен танысты. Одан кейін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Мемлекеттік қызметтің кейбір мәселелері тақырыбында семинар -кеңес өтті. Семинар кеңеске мемлекеттік дербес бөлімдер басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Кеңеске төрағалық еткен Теректі ауданы әкімінің орынбасары Ержан Досмақов ауданға келген қонақтарға қош келдіңіз айтты. Жиын аясында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясын түсіндіру мен Әдеп жөніндегі Кеңес тәжірибесінде жиі кездесетін құқықбұзушылықтар туралы Әдеп жөніндегі Кеңес мүшесі, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин сөз қозғады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Аманқос Сағынұлы Теректі ауданындағы мемлекеттік қызметкерлердің жасы, еңбек өтілі, білімін пайыздық өлшемдер арқылы сипаттап, өзге аудандардағы жағдаймен салыстырды.

FB_IMG_1652459982494

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акдемиясының БҚО бойынша филиал директоры Шынар Төлегенқызы Мемлекеттік басқару акдемиясына түсу мен мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін тілге тиек қылды.

Кеңес шеңберінде аудандағы мемлекеттік қызметкерлер өздерін толғандырған сауалдарына жауап алса, Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы Мирлан Еркибаев қонақтарға алғысын білдірді.

Әділет Әлібек, 

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале