19.06.2025, 18:00
Оқылды: 219

Мемлекеттік қызметкерлер арасында тимбилдинг өтті

Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымшылдық пен серіктестікті арттыру мақсатында тимбилдинг шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара ұжым ішіндегі ауызбіршілік пен ынтымақтастықты нығайтуды көздеді.

495014305_2160798244331932_6394173697488653690_n

Тимбилдинг аясында түрлі спорттық жарыстар, топтық ойындар мен сергітетін тапсырмалар өткізілді. Қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, тапсырмаларды бірлесе орындау арқылы ұйымшылдықтың маңызын терең сезінді.

492858791_2160798394331917_1421630035460858884_n

Шараны аудан әкімі М.Өмірәлиев ашып, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы бұл шараның жұмыс қарқыны мен ұжымдағы сенімді арттыруға сеп болатынын атап өтті. Тимбилдинг – тек көңіл көтеру ғана емес, тиімді жұмыс істеудің де жолы екенін көрсетті.

Светлана Байтенова,

 Шыңғырлау ауданы

493934138_2160798510998572_3324944761317558679_n 494600815_2160798347665255_8214778181119607266_n

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале