Бүгін Казталов ауданы орталығында Егемендігіміздің 30 жылдығына орай ауыл тұрғындары арасында көпшілік жүгіру өтті.
Мереке күнгі спорттық шараның өтуіне Казталов ауылдық округі əкімінің аппараты мен "Айбын" спорт клубы мұрындық болды.
Орталықтағы "Достық" саябағынан бастау алған марафонға қатысқан округ əкімі Ернар Ғалымов пен жерлес, желаяқ марафоншы Баубек Ілиясов жиналған көпшілікті қастерлі мерекемен құттықтап, сəттілік тіледі.
Жалпы ұзындығы 3 шақырымды құраған марафонға қатысқан желаяқтар желмен жарысып, жақсы нəтижелер көрсетті.
Нəтижесінде жүгіруден нəзік жандылар арасында 3 орынды Айжан Жағыпарова жеңіп алса, жүлделі 2 орыға Айша Абешова, 1 орынға Перизат Мақсотова ие болды. Ал ер азаматтар арасынан суырылып алға шыққан жүйріктер қатарында мəреге 3 болып Мейрамбек Қуатов, 2 болып Айтжан Нұржанов келсе, Баубек Ілиясов 1 жүлдені қанжығасына байлады.
Барлық жүлдегерлер арнайы медальдармен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға да ие болды.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz