16.12.2021, 17:58
Оқылды: 100

Мерекедегі көпшілік жүгіру

Бүгін  Казталов ауданы орталығында Егемендігіміздің 30 жылдығына орай ауыл тұрғындары арасында көпшілік жүгіру өтті.

1

Мереке күнгі спорттық шараның өтуіне Казталов ауылдық округі əкімінің аппараты мен "Айбын" спорт клубы мұрындық болды.

3

Орталықтағы "Достық" саябағынан бастау алған марафонға қатысқан округ əкімі Ернар Ғалымов пен жерлес, желаяқ марафоншы Баубек Ілиясов жиналған көпшілікті қастерлі мерекемен құттықтап, сəттілік тіледі.

5

Жалпы ұзындығы 3 шақырымды құраған марафонға қатысқан желаяқтар желмен жарысып, жақсы нəтижелер көрсетті.

2

Нəтижесінде жүгіруден нəзік жандылар арасында 3 орынды Айжан Жағыпарова жеңіп алса, жүлделі 2 орыға Айша Абешова, 1 орынға Перизат Мақсотова ие болды. Ал ер азаматтар арасынан суырылып алға шыққан жүйріктер қатарында мəреге 3 болып Мейрамбек Қуатов, 2 болып Айтжан Нұржанов келсе, Баубек Ілиясов 1 жүлдені қанжығасына байлады.

4

Барлық жүлдегерлер арнайы медальдармен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға да ие болды.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале