Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданына жұмыс сапарымен келді.
Түске дейін актив жиналысына қатысып, кейін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязовпен бірқатар нысандарды аралады.
Биыл Сырым ауданы тұрғындарын сумен қамту деңгейі 96 пайызға жетеді. Қазіргі уақытта Кеңащы су құбырының Бұлан, Жамбыл ауылындағы тармақтары тартылуда. Бұлан ауылдық округінде медициналық пункт те күрделі жөндеуден өтуде.
- Медициналық нысанның жөнделуі - медқызметтің сапасын арттыруға жасалған қадам.
Биыл Батыс Қазақстанда 27 мектеп салынады. Білімге қолдау беру - міндетіміз.
Қазіргі таңда халықтың табысын арттыру мақсатында “Ауыл аманаты” жобасын жүзеге асырудамыз. Ауылда сауын сиыр көп, сауатын адам жоқ. Сүт өндірісін жолға қоятын уақыт - тап
осы кез. Сүт шаруашылығын ширату үшін 6 млрд теңге қаражат бөлінбек.
Бұл жобалар ауылға адам алып келе жатыр. Елді мекендерде тұрғындар саны артады. Сондықтан, енді тұрғын үйлерді ауылдарға саламыз. - деді Нариман Төреғалиев Бұлан ауылында тұрып.
Ауылға меднысаннан бөлек, жоғары білімді дәрігер, оған көлік пен компьютерлік техника керек. Екі шақырымдық кіреберіс жолды асфальттау да - өзекті.
Облыс әкімі әрі қарай Алғабас ауылдық округінде болып, ауыл клубының жөндеуімен танысты
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы