29.05.2023, 21:59
Оқылды: 896

Нариман Төреғалиев:​ “Тұрғын үйлерді ауылдарға саламыз!”

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданына жұмыс сапарымен келді.​
Түске дейін актив жиналысына қатысып, кейін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязовпен бірқатар нысандарды аралады.​
IMG_3459
Биыл Сырым ауданы тұрғындарын сумен қамту деңгейі 96 пайызға жетеді. Қазіргі уақытта Кеңащы су құбырының Бұлан, Жамбыл ауылындағы тармақтары тартылуда. Бұлан ауылдық округінде медициналық пункт те күрделі жөндеуден өтуде.​
- Медициналық нысанның жөнделуі - медқызметтің сапасын арттыруға жасалған қадам.​
Биыл Батыс Қазақстанда 27 мектеп салынады. Білімге қолдау беру - міндетіміз.​
Қазіргі таңда халықтың табысын арттыру мақсатында “Ауыл аманаты” жобасын жүзеге асырудамыз. Ауылда сауын сиыр көп, сауатын адам жоқ. Сүт өндірісін жолға қоятын уақыт - тап​
осы кез. Сүт шаруашылығын ширату үшін 6 млрд теңге қаражат бөлінбек.​
IMG_3452
Бұл жобалар ауылға адам алып келе жатыр. Елді мекендерде тұрғындар саны артады. Сондықтан,​ енді тұрғын үйлерді ауылдарға саламыз. - деді Нариман Төреғалиев Бұлан ауылында тұрып.​
Ауылға меднысаннан бөлек, жоғары білімді дәрігер, оған көлік пен компьютерлік техника керек. Екі шақырымдық кіреберіс жолды асфальттау да - өзекті.​
Облыс әкімі әрі қарай Алғабас ауылдық округінде болып, ауыл клубының жөндеуімен танысты
Бауыржан Ширмединұлы,​
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале