10.01.2025, 13:00
Оқылды: 51

Нарықтағы сенімділік қаржылық қорымызға байланысты

 

Қазақстан әлемдік экономикаға өз экономикалық әлеуеті, мүмкіндігімен енген мемлекет, сондықтан ұлттық валютамызға сыртқы факторлар әсер етпей қоймайды. Әлемдік қаржылық дағдарыстар тұсында кез-келген дамушы елдердің валюталарына күн санап күшейген доллар қысым жасауда. Біздің теңгеміз өз позициясын ұзақ ұстады. Бұл туралы  Президент республикалық "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында айтып өтті. "Біз курсты жасанды тежеу тәжірибесінен әлдеқашан алыстап кеттік, бізде нарықтық факторларға негізделген еркін курс құру режимі бар. Күшті теңге үшін алтын-валюта резервтерін жағу орынсыз деп санаймын", - деді мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев.

WhatsApp Image 2025-01-10 at 13.21.46 (1)

Нарықтың кейбір қатысушылары басқарылатын бағамға көшу туралы ұсыныстар айтады.  Оның айтуынша, Ұлттық банк пен Үкімет барлық нұсқаларды мұқият қарастыруда. Осы сұрақты талдағаннан кейін, осы саладағы тәсілдерді өзгерту керек пе, жоқ па, белгілі болады. Басты міндет – экономиканың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, нақты сектордың серпінді дамуы, еңбек өнімділігінің өсуі, сапалы жұмыс орындарын ұлғайту,- деп еске салды Президент.

"Мен ашық айтамын: мен менеджер-экономистердің қазіргі жұмысын орташа деп бағалаймын. Халықаралық қаржы институттарының лексиконында тым көп риторика, нақты іс аз. Қазір өңірлердегі жағдайды және нақты экономиканың жұмыс істеу тетіктерін жақсы білетін, яғни "жерде" жұмыс істеген мамандар қажет", - деді ол.

Сұхбат қаржы- экономикалық тұрғыда да жаңа бағыттарға бастайтын сипатта болды. Яғни, қаржы саласында да сөзден- іске көшу қажет.

 

Сағидолла ТҰРҒАЛИЕВ,

аудандық маслихат хатшысы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале