29.10.2021, 12:35
Оқылды: 63

Неке мен несиенің арызы көп

Үстіміздегі жылдың өткен тоғыз айында Бөкей ордасы аудандық сотқа 79 азаматтық, 24 қылмыстық және 181 әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша арыз-талаптар түскен екен. Есепті мерзімде өткен жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда қылмыстық іс саны азайған, медиация тәртібімен қысқартылған іс саны артқан. Ол жөнінде аудан сот төрағасы Олжас Миралиев тоғыз айда атқарылған істер тақырыбына арналған брифингте мәлімдеді.

23

–Азаматтық істер бойынша 79 талап-арыз түсіп, оның 6-уы қайтарылды. 21-і медиация және бітімгершілік келісім бойынша қысқартылған санатына жатқызылды. Жалпы түскен істің 65-і аяқталып, сегіз іс қалдырылған. Осы азаматтық істердің арасында көптеп қаралатындар санатында несиені өндіру ісі. Тоғыз айда ауданда бұл тектес 21 іс түсіп, оның 10-ы медиация, 6-уы бітімгершілік тәртібімен қысқартылды. Неке бұзу туралы арыз да көптеп түседі. Қысмыстық істер бойынша 26 тұлғаға қатысты 24 іс те аяқталды. Нәтижесінде 19 тұлғаға қатысты 17 сот үкімі шығарылып, бес адам бас бостандығынан айырылды. Он екі  азаматтың бас бостандығы шектеліп,  екеуі қоғамдық жұмысқа тартылды. Ескертетін жайт, жеке тұлғаны қорлау, балағаттап, тіл тигізіп,  абыройы мен қадір-қасиетіне әдепсіз түрде кемсіту де қылмыстық іске жатады.

Ал, енді киік бөлшектерін, яғни, дериванттарын алу, сақтау, тасымалдау да қылмыстық жауапкершілік жүктейтінін көпшілік жақсы біледі. Десе де, биыл бұл бап бойынша қылмыс саны былтырғымен салыстырғанда үш іске көбейіп отыр.

Негізінен отбасылық жағдайды қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық істерде де сандық көрсеткіште түсім байқалады. Сараптайтын болсақ, биыл түскен 181 талап-арыздың қазіргі таңда 176-сы қаралған, 28-і қысқартылған, оның  18-і медиаторлардың көмегімен. Қорытындысында 85 азамат қамаққа алынып, 51-і айыппұл төлеп, 11-іне ескерту жасалды, енді бір азамат көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды, – деді аудандық сот төрағасы.

Раушан Бақытова

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале