15.01.2026, 16:15
Оқылды: 239

Облысы әкімінің орынбасары Шыңғырлау ауданында болды

Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй келді.

WhatsApp Image 2026-01-15 at 15.51.20

Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапары барысында алдымен Бөрлі ауданынан Шыңғырлау ауданына келетін 110 кВт әуе электр желісі бойындағы бағаналарды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Нысан басында жауапты сала мамандарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімі талқыланды.

WhatsApp Image 2026-01-15 at 15.51.20 (1)

Қазіргі таңда облыстық «Зап Каз РЭК» ЖШС тарапынан 20 дана электр бағанасы дайындалып, қосымша 10 бағананы орнатуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба аясында Ақбұлақ, Ағатан, Қотантал, Алмаз, Сегізсай, Аққұдық және Жаңакүш елді мекендеріндегі электр желілерін жаңарту көзделіп отыр. Қазіргі уақытта бұл елді мекендерде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жобаны толықтай ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда. Аталған жұмыстар нәтижесінде ауыл тұрғындарын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету деңгейі артып, желілердің тозуы айтарлықтай төмендейді.

Мұнан әрі Мирсс Рүстемұлы аудан орталығындағы теміржол вокзалына келіп, нысанда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары барысымен танысты. Мердігер ұйым өкілдерінің мәліметіне сәйкес, теміржол вокзалының құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың ақпан айында аяқталып, нысан толықтай халық игілігіне берілмек. Жаңартылған вокзалда жолаушыларға қолайлы жағдай жасалып, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады деп күтілуде. Халықтың көп жылдар бойы армандап келген жылы да кең вокзал іші заманауи келбетке ие болады. Әрі перрон да жолаушыларға ыңғайластырылып, поезд тоқтайтын шекке дейін асфальтталып, түсіп-міну үшін барынша қолайландырылған.

Іссапар барысында Мирас Рүстемұлы мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақбұлақ ауылында жалғасын тапқан жүздесу кезінде электр жүйесі жұмыстары қаралып, ұсыныстар айтылды. Облыс әкімінің орынбасары құрылыс мамандарымен кездесу барысында маңызды нысанның талапқа сай сапалы болуына, уақытылы іске қосылу қажеттігіне тоқталып, құрылысшылар жұмысынының мерзімге сәйкес аяқталуын жауапты адамдарға тапсырды. Қазіргі жүріп жатқан жұмыстарға аса назар аударып, тиянақты нәтиже болу қажет екенін ескертті. Электр жүйесі жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік мәселесі басты назарда болуы қажетті екенін қадап айтып, құрылыстарды жоспарға сай орындауға тілек білдірді.

WhatsApp Image 2026-01-15 at 15.51.20 (2)

Жұмыс сапары қорытындысында облыс әкімінің орынбасары аудан басшылығына және жауапты мекемелерге инфрақұрылымдық жобалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

                                                                                                                   Адақ Шотпанов,

Шыңғырлапу ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале