30.05.2026, 21:45
Оқылды: 4

"Орданың өнер қуған өнерпаз әр баласы"

Аудандық балалар музыка мектебі биылғы оқу  жылына дәл  осылай аталатын концертпен әдемі нүктесін қойды.

IMG-20260530-WA0064

Концерт шымылдығы мектеп директоры Айзада Тілепованың құттықтауымен ашылды. Мектеп басшысы оқу жылында бағындырған жетістіктерге тоқталып, атқарылған жұмыс туралы мәлімет беріп өтті.
- Өнерді серік еткен  дарынды  оқушыларымыз  аудандық,  облыстық  республикалық  фестиваль-конкурстарына  әрдайым  қатысып  отырады. Осындай  байқаулардың  нәтижесінде  тәрбиеленушілеріміз  мектеп  намысын  қорғап,  дипломдарға  ие  болып,  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізді,  биыл да  оқу  жылы  оқушыларымыз  мектеп  қоржынын  көптеген  жүлделі  орындармен  толтырды, - деді Айзада Ерзакқызы өз сөзінде.

IMG-20260530-WA0101

Сөзімізге дәйек қылсақ, биыл  қазақ музыка әдебиеті пәнінің  оқытушысы Айзада Тілепова республикалық «Жылдың үздік  педагогы»  байқауының  І дәрежелі орын иеленсе, Айрина Қалқаман мен Інжу Ертарғын республикалық «Жылдың үздік оқушысы»   байқауының  І дәрежелі орын иегерлері атанды.
Домбыра  сыныбының  оқытушысы Саида Ажғалиеваның шәкірті Арсен Серіков   «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінде І орын алып, республикалық кезеңінің дипломанты атанды. Семинар Абуова  Д. Нұрпейісованың 165  жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «Өскен өнер» атты  жас орындаушылар байқауының ІІІ дәрежелі  орын иегері атанса,  Қайсар Амангелдиев осы байқауда  дипломант атанды. Бақытжан
Серіков   оқушылар арасындағы "Сөз бен саз" республикалық байқауының облыстық кезеңінде  дипломант атанды.

IMG-20260530-WA0084
Қобыз сыныбының  оқытушысы Жасмина Бисембаеваның  шәкірті Аружан Жасталапова  Д. Нұрпейісованың 165  жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «Өскен өнер» атты  жас орындаушылар байқауында  ІІ орын,
М. Мақатаевтың  95 жылдығына арналған «Мұқағали жыры – жүрек  үні» атты  облыстық ХХ Жас дарын шығармашылық байқауында  ІІ орын иеленді.
Домбыра  сыныбының оқытушысы Жасұлан Абахановтың шәкірттері де олжасыз емес.   Ербол Сертеков  Д. Шығайұлының 205 жылдығына орай жасөспірімдер арасында өткен «Дала сазы» облыстық домбырашылар байқауының ІІ орын иеленсе, фортепиано сыныбының оқытушысы Гүлфия Ихсанованың шәкірті Ұлдана Оразғалиева   Н. Меңдіғалиевтың туғанына  105 жыл толуына орай  ұйымдастырылған «Жас  пианист» VІ облыстық байқау  фестивалінде ІІІ   орын иегері атанды.

IMG-20260530-WA0066
Есептік концертте мектептің қызметкерлеріне де құрмет көрсетілді.  Мектептің  қоғамдық жұмыстарына  белсене  араласқаны  үшін мектептің қызметкерлері Аида Бахитова, Гаухар Қазиева, Алтынғаным Шакировалар     мектеп  директоры Айзада Тілепованың атынан алғысхатқа ие болды.
Концертте мектеп түлектері де марапатталды. Аудандық музыка мектебінде    5-7 жыл тәрбиеленіп,  музыкалық қабілетін ұштаған мектеп  түлектері  ортаға  шақырылды. Мектеп  бітіретін оқушыларға  куәлік  және ата-аналарына  алғысхат  табыс  етіледі.
Есептік концертте күй де тартылды, ән де шырқалды. Інжу Жігерова сияқты оқушымыз фортепианода И. Кориневская "Дождигін" , Ранида Шамил И. Бахтың "Вальсін" (жет.:  Г.Ихсанова) құйқылжытса, Інжу Тарғын ұстазы Әсем Таубаевамен дуэт боп ән шырқады. Домбырашылар ансамблі мен қобызшылар ансамблі күмбір күймен сыр шертті.

IMG-20260530-WA0065

Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале