4.01.2025, 16:43
Оқылды: 59

Осал топтар үшін әлеуметтік бөлімнің көмегі зор

Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудан тұрғындары үшін атқарып отырған жұмысы өте ауқымды. Аталмыш бөлім аясында әлеуметтік қамқорлыққа зәру бірнеше аудан тұрғындары өлшеусіз көмекке ие болып келеді.

IMG_3061

Сурет: gov.kz

Ондай топтағы жандарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2024 жылы 678 млн 756 мың теңге қаражат бөлініп, күні бүгінге 1 881 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Көру қабілеті бұзылған І топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға «Инватакси» қызметі тұрақты көрсетілді. Жыл басынан 1198 адам жұмыссыздар қатарына тіркелсе, соның 1177 адамы жұмыспен қамту шараларына тартылды.
2024 жылы Казталов ауданында әлеуметтік санатқа жататын және күнделікті өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге ақпараттық-кеңестік қолдау көрсету мақсатында «Бақытты отбасы» орталығы ашылды. Ол орталықта отбасылық дау-жанжалдардың алдын алып, мәселелерін шешу мақсатында жұмыс жасап қана қоймай, қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау мақсатында арнайы жоба арқылы «Жақсылық жаса – Твори добро» қоғамдық бірлестігімен 18 жасқа дейінгі мүгедектерге, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасы мүшелеріне, қолайсыз отбасыларға және де тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген отбасыларға мединициналық, психологиялық және заң тұрғысынан көмек көрсетілді.
- Өз басым, тұрмысы қиын, аз қамтылған отбасы ретінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұжымының ұйымдастыруымен үлкен қолдауға ие болып, ажырасуға шақ қалған отбасымды сақтап қалдым. Сол үшін менің шатқаяқтап тұрған тағдырыма алаңдап, жан жақтан барлық тиесілі көмектерін аямаған жайсаң жандар мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Нәсіпқалиқызына шексіз алғысымды білдіремін. Ауданымызда айрандай ұйып отырған жанұялардың іргесі ешқашан сөгілмесе екен, - дейді «Бақытты отбасы» орталығына жүгініп, аты-жөнін көрсетпеуді өтінген ауылдың қарапайым тұрғыны.

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале