Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округінің Өркен ауылдық кітапханасында шахматтан жарыс ұйымдастырды. Екі күнге созылған турнирде ауылдың жастары мен ересектері бақ сынады.
-Шахмат турнирі қызықты да өте тартысты өтті. Жарысқа демеушілік еткен кәсіпкер Мэлс Гатауовқа алғысымды білдіремін. Спорттың осы түрін жанына серік еткен жарысқа қатысушылар бір-біріне дес бермей өте керемет ойын көрсетті. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты шәкірттерімнің шахматқа қызығушылығын оята отырып, аға буын өкілдерімен бақ сынасып көрсін деген ой болды,-дейді сайыс ұйымдастырушысы дене шынықтыру пәні мұғалімі Қанат Сәрсенғалиев.
Аса қырағылық пен алғырлықты қажет ететін спорт түрінен өткен сайыс қорытындысында I орынды Берік Батов, II орынды Артық Батов, III орынды Балғынбек Сайрамбекұлы жеңіп алды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге демеушілер тарапынан берілген қаржылай сый мен мақтау қағаздары табысталды.
Альбина Бәтенова,
Байтерек ауданы
zhaikpress.kz