23.11.2021, 11:30
Оқылды: 87

Озық ойлылар бәсекесі өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округінің Өркен ауылдық кітапханасында шахматтан жарыс ұйымдастырды.  Екі күнге созылған турнирде ауылдың жастары мен ересектері бақ сынады.

6

-Шахмат турнирі қызықты да өте тартысты өтті. Жарысқа демеушілік еткен кәсіпкер Мэлс Гатауовқа алғысымды білдіремін. Спорттың осы түрін жанына серік еткен  жарысқа қатысушылар бір-біріне дес бермей өте керемет ойын көрсетті. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты шәкірттерімнің шахматқа қызығушылығын оята отырып, аға буын өкілдерімен бақ сынасып көрсін деген ой болды,-дейді сайыс ұйымдастырушысы дене шынықтыру пәні мұғалімі Қанат Сәрсенғалиев.

7

Аса қырағылық пен алғырлықты қажет ететін спорт түрінен өткен сайыс қорытындысында I орынды Берік Батов, II орынды Артық Батов, III орынды Балғынбек Сайрамбекұлы жеңіп алды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге демеушілер тарапынан берілген қаржылай сый мен мақтау қағаздары табысталды.

Альбина Бәтенова, 
Байтерек ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале