16.09.2024, 12:15
Оқылды: 110

Переметный ауылында тимбилдинг өтті

Переметный ауылындағы «Олимп» стадионында аудандағы қызметте іскер, отбасында ақылды әрі алғыр нәзік жандыларға арналған тимбилдинг өтті. Табиғат аясындағы іс-шарада бұл жолы әйел затының қоғамдағы белсенділігі мен құқықтық сауаты, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы орта қалыптастыру мақсаты насихатталды.  Көңілді тимбилдингті әлеуметтік жоба аясында аудандық ішкі саясаттың тапсырысы арқылы «Яңарыш» ҚБ ұйымдастырды. Ал кеш қонағы WEST EVENT компаниясы өкілдері қызықты спорттық ойындарымен шараның көрігін қыздырды.

4234C036-9354-4A81-9056-448D37650621

Тимбилдингтің ашылуында сөз алған «Яңарыш» ҚБ төрайымы Юлия Яфарова барша қатысушыларға керемет көңіл-күй, командыларға сәттілік тіледі.

8B4DC352-EB48-4853-BBE1-D938002C4ADB

– Осы іс-шараны өткізу мақсатында ауданымыздағы кәсіпкер аруларды қарастырдық. Сонда бір байқағанымыз әрі қуантқаны бізде кәсіпкерлікпен айналысатын көбінесе әйел адамдар екені анықталды. Бұл нені көрсетеді? Біздің аудан қыз-келіншектері қоғамда белсенді, отбасында үлгілі ана екенін. Отбасыларыңыз аман, жетістіктеріңіз көп болсын! Бүгінгі іс-шараға барлығыңа қош келдіңіздер дейміз!Командаларға сәттілік тілейміз! Біздің күшіміз бірлікте, - деді ол.

09341DC6-DDD7-4CB8-9215-80E54D53C8BB

Кейін қос команда би билеп, жаттығу жасап, спорттық сайыстарда өнер көрсетті. Ортада қатысушы қыз-келіншектер өздері туралы, отбасы жайында айтып, қызметте не бизнесте болсын жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Сайыс соңында командаларға естелік сыйлықтар табысталып, барлығы «шәй-тайм» дастарханында бас қосып, іс-шарадан алған әсерімен бөлісті.

Гүлім Орда

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале