3.01.2025, 17:53
Оқылды: 46

«Президент жаңа бағдарын баспасөз арқылы берді» - Рая Жұмағалиева

Жыл өткен сайын егеменді мемлекетіміз мақсатты межелеріне жетуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев өткенге талдау жасап, болашаққа бағдар беру арқылы алдағы күнге бағыттап отыр. Ел Президенті жыл басында берген бағдарлы сұқбатында 27 миллион тоннаға жуық астық жинап, соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткішке жеткен қазақстандық диқаншылардың еңбегін ерекше атап өтті.

1

Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде өткен жылдың басты жаңалығының бірі - " Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында балаларға төлем беріле бастауы. Бұл - еліміздің болашағы үшін жасалып жатырған маңызды қадам. Әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, Қазақстан - бейбітшілік жолындағы мемлекет ретінде халықаралық аренадаға басты жолын ұстап отырған ел. Табиғи апат салдарынан орын алған төтенше жағдайларға төтеп беру де еліміз өз деңгейін сақтап, халыққа уақытында көмек бере алған еді. Осындай күрделі жағдайларды еске алып, талдап өткен Ел Президенті басты мақсаты экономиканы және егемендікті нығайту екенін айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы: " Президент - Құдайдың жердегі көлеңкесі емес, мемлекетті басқару үшін белгілі бір мерзімге сайланған менеджер"- деп көрсете отырып, елдегі билік жұдырықтай жұмылып, бірлікте болуы керектігін айтып, заң үстемдігі - демократияның ең биік шыңы болғандықтан, " Заң мен тәртіп" қағидатын басшылыққа алып, ел бірлігін көздің қарашығындай сақтап, әділдік қағидатын орнату қажеттігіне тоқталды. Ел Президенті: "Жастарымыз жасампаз, сындарлы, жақсы мен жаманның аражігін ажырата білетін, болмысымызға жат идеялардың жетегінде кетпей, белсенді, тәртіпті, еңбекқор болғанын қалаймын"-деп ел болашағы жастарымызға үлкен сенім артып отыр. Баспасөз арқылы халыққа жеткізген Президентіміздің сұқбат ретіндегі үндеуі елге терең ой салып, биылғы жұмысымызға тың серпіліс береді деген сенімдемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Президентіміздің берген бағытын бағдаршам еткен жаңа жылымыз табысты жыл болғай!

Рая Жұмағалиева,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале