Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Казталов ауданында аталған жылға орай бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі - қасиетті айда түлектердің бастамасымен қолға алынып жатқан игі іс.
Мектеп бітіргендеріне 25 жыл толған 1980 жылғы түлектер Казталов ауылының дэска бағытында саябақ пен балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Казталов ауылдық округінің әкімшілігімен бірлесе атқарылып жатқан демалыс алаңында 40 түп тал егіліп, алаң ішіне тас жолдар төселіп, балаларға арналған ойын құралдары орнатылмақ. Ш.Шарафутдинов көшесі бойындағы демалыс орны жуырда халық игілігіне пайдалануға беріліп, балалардың қуанышы еселенбек.
Айта кетейік, аудан орталығындағы ойын алаңдары жөніндегі мәселені қоғам белсенділері де, тілшілер де бірнеше мәрте көтерген болатынбыз. Мектеп түлектерінің мәселеге зер салып, түйткілді мәселені қолға алғандығы қуантады, әрине. Мұндай игі бастамалар жалғасын тауып, көпке үлгі болса екен дейміз.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz