Сайқындық еріктілер COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу және алдын алу бойынша 100-ге жуық көпреттік медициналық масканы ауыл тұрғындарына тегін таратты.
Бұл қайырымдылық шарасына тігінші Жұлдыз Әбдірова мен еріктілер тобының мүшесі Арайлым Дәуленова да үн қосып, қызметіне ақы сұрамастан маскаларды тігіп берді.
Айта кетелік, маскаларды дайындауға 10 метр мәрлі, 3 метр мата, 30 метр резеңке жіп жұмсалыпты. Масканы жуып-тазалап болған соң бірнеше рет қолдануға болады екен. Алдағы уақытта тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға да масканы тарататын боламыз дейді белсенділер.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер