20.03.2020, 21:01
Оқылды: 175

Сайқындық еріктілер тегін маска таратты

Сайқындық еріктілер COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу және алдын алу бойынша 100-ге жуық көпреттік медициналық масканы ауыл тұрғындарына тегін таратты.

E4E492C0-BBA3-4F45-B617-BB433B9EA12E

Бұл қайырымдылық шарасына  тігінші Жұлдыз Әбдірова мен еріктілер  тобының  мүшесі  Арайлым Дәуленова да үн қосып, қызметіне ақы сұрамастан  маскаларды тігіп берді.

F4B1D73C-3F4E-4929-AB62-F827D08C315CАйта кетелік, маскаларды дайындауға 10 метр мәрлі, 3 метр мата, 30 метр резеңке жіп жұмсалыпты. Масканы жуып-тазалап болған соң бірнеше рет қолдануға болады екен. Алдағы уақытта  тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға да масканы тарататын боламыз дейді белсенділер.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале