8.12.2024, 15:30
Оқылды: 312

Саралжындық тұрғындар лек-легімен келіп, өз таңдауын жасап жатыр

Он немере, бес жиеннің сүйікті атасы, ел ағасы дауыс берді

Ауылдың үлкенімен де, кішісімен әңгімесі жарасатын ақжарқын азамат, көпбалалы әке, немере-жиен сүйген ардақты ата Жігер Омаровты Бөкей ордасы ауданы халқы құрмет тұтады. Ел ағасы деп сыйлайды. Қайғының қара бұлты төніп, есеңгіреп отырған әулетке жақынынан бұрын жанынан табылып, сындарлы сәтте сынып кетпей, дұшпанның табасына қалмай, түзу шығуына септесетін осы ағамыз.

photo-output

Кейіпкеріміз қай-қай шарада да, қай-қай ортада да көптің назарында жүретін жан. Бұл жолы да әдетімен елдің алды боп кеп, өз таңдауын жасады.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Сайран Хамзин де белсенді сайлаушыға құрмет көрсетіп, назарсыз қалдырмады.

Кимешекті әжелер мен келісті келіндер өз таңдауын жасады

FB_IMG_1733638363019

№71 Саралжын учаскелік сайлау комиссиясында дауыс берушілер лек-легімен келуде. Хамар Жанғалиева бастаған «Ақ әже» ақжаулықты аналар клубы мен Жанаргүл Қуанышева жетекшілік ететін «Асыл саз» келіндер клубының мүшелері бір үйдің балаларындай бірге кеп, өз таңдауларын жасады.

IMG-20241208-WA0033

Ұжыммен кеп, таңдауларын жасады

Саралжын ауылдық округі әкімдігінің ұжымы, ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері бір әкенің баласындай, суы мол бір өзеннің саласындай боп, бірге кеп, өз таңдауларын жасады.

IMG-20241208-WA0030

- Тәуліктің сегіз сағатында бірге бір жерде отырып, жұмыс жасайтын болғандықтан, ұжым деген екінші отбасың ғой. Тату ұжым анау-мынау ағайыннан кем емес, о да бір жұртың. Ауылымыз үшін айтулы күнде бірге кеп, дауысымызды бердік, - дейді округ әкімі Нарынбек Кереш.

Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасатынын қаперіңізге береміз.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале