Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов Сатыбалды, Сарықұдық елді мекендеріне барып, атқарылып жатқан жұмысты бақылады.
Сатыбалды елді мекенінде жол қатынасын қалпына келтіру жұмысы аяқталған. Алматы қаласынан облысымызға арнайы келген техникалардың көмегімен аталған елдімекендегі жол қатынасы қайта қалпына келді. Қазіргі таңда елді мекендегі ахуал тұрақталды.
Күні кеше Сарықұдыққа қызыл су келіп, елді мекен аумағын су басты. Алайда елді мекенді су басу қаупі төнген жоқ. Су тасқынының алдын алу мақсатында «Қазсушар» РМК БҚОФ техникасы жұмылдырылып, дамбалар көтерілді. Меценат, ауыл тұрғыны Нұрлыбай Жолдыбаев мұндай көп мөлшердегі су 2011 жылдан кейін келіп жатқанын жеткізді.
Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов және «Қазсушар» РМК БҚОФ Казталов ауданы бойынша учаске бастығы Еркебұлан Ермұқанов «Мәнти» бөгетін бөгеу жұмысының барысын және «Құлақ», «Автобаза» бөгеттерінің ахуалын бақылады.
Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі