24.04.2024, 17:27
Оқылды: 48

Сатыбалдыда жол қатынасы қалпына келтірілді

Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов Сатыбалды, Сарықұдық елді мекендеріне барып, атқарылып жатқан жұмысты бақылады.

казталов сув (5)

Сатыбалды елді мекенінде жол қатынасын қалпына келтіру жұмысы аяқталған. Алматы қаласынан облысымызға арнайы келген техникалардың көмегімен аталған елдімекендегі жол қатынасы қайта қалпына келді. Қазіргі таңда елді мекендегі ахуал тұрақталды.

казталов сув (1)

  • Сатыбалдыға мұндай көлемде су 30 жыл бұрын келді. Биыл келген су көбіктер мен көлдерге жіберіліп, алды ашылғандықтан су басу қаупі жоқ. Алайда жол қатынасы үзілген болатын. Аудан әкімдігінің қолдауымен жол қатынасы қалпына келіп, қуанып отырмыз. Бұл игі іске мұрындық болған азаматтарға, жұмысшыларға ризашылығымызды білдіреміз, - деді ауыл тұрғыны Тимур Ерғалиев.

казталов сув (4)

Күні кеше Сарықұдыққа қызыл су келіп, елді мекен аумағын су басты. Алайда елді мекенді су басу қаупі төнген жоқ. Су тасқынының алдын алу мақсатында «Қазсушар» РМК БҚОФ техникасы жұмылдырылып, дамбалар көтерілді. Меценат, ауыл тұрғыны Нұрлыбай Жолдыбаев мұндай көп мөлшердегі су 2011 жылдан кейін келіп жатқанын жеткізді.

казталов сув (3)

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов және «Қазсушар» РМК БҚОФ Казталов ауданы бойынша учаске бастығы Еркебұлан Ермұқанов «Мәнти» бөгетін бөгеу жұмысының барысын және «Құлақ», «Автобаза» бөгеттерінің ахуалын бақылады.

казталов сув (2)

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале