16.11.2024, 9:00
Оқылды: 83

Щапов ауылында өткен Бәйтерек ауданы әкімінің есеп беру жиынында бірқатар мәселелер талқыланды

Бәйтерек ауданы Марат Тоқжановтың есептік жиыны Щапов ауылдық округінде жалғасты. Округ әкімі Біржан Нұрбайыров өткен кездесуде көтерілген ұсыныстар мен ескертулердің орындалу барысын баяндады.

IMG_20241114_193904_416
- Жаңатаң ауылының кіреберіс жолын жөндеу туралы ұсыныс айтылды. Биыл онда 600 тонна ескі асфальт төселді. Жолды толық күрделі жөндеуден өткізу үшін қажетті жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірге жоқ. Сонымен қатар, Жаңатаң ауылына жаңа мектеп салу ісі де қарастырылуда. Білім басқармасына хат жолдау нәтижесінде жаңа мектеп үшін жер телімі бөлінді,-деді ол.
Жиында тұрғындар ауылға тұрақты дәрігердің қажеттігін, медициналық көмекті жеделдету мәселесін көтерді.

IMG_20241114_193922_745
- Щапов ауылындағы медициналық пунктке дәрігер табу қиын. Себебі білікті мамандардың сұранысы жоғары. Қазіргі дәрігер қалада да, ауылда да қызмет көрсетіп, кәсіби деңгейін дәлелдеп келеді. Сондықтан жаңа маман тарту әзірге жоспарланбаған, - деді Біржан Нұрбайыров.

IMG_20241114_193937_607

Айта кетелік, аудандағы Өркен, Янайкин, Атамекен, Скворкино, Болашақ, Красноармейск, Жайық, Садовый, Новенький, Зеленый, Қаражар, Мирный ауылдарында 12 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында аудандық амбулаторияларға 8 жаңа «Соболь» автокөлігі табысталып, автопарк толықтырылған. Жалпы аудан бойынша денсаулық сақтау жүйесінде 11 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік және 34 медициналық пункт қызмет етеді.

Сәнім Берік
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале