5.08.2021, 10:43
Оқылды: 41

Шөптің әр бумасы 500 теңге

Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақов Қамысты, Тау ауылдық округтеріндегі мал азығын дайындаумен айналысып жатқан шаруа қожалық иелерінің жұмысымен танысты.

IMG-20210805-WA0005

 

Қамысты ауылдық округі бойынша 12 шаруа шөп сатуды бастаған. Мал азығын алдымен өздеріне жинап алған олар ендігі шөпті тұрғындарға сатуға әкеледі. «Сұңқар» ШҚ иесі Таңат Сариев пен «Теміртас» ШҚ иесі Нұржан Құрманғалиев Жәнібек ауылына әкеліп, шөптің әр бумасын 500 теңгеден сатуда. Сондай-ақ Қамысты ауылдық округіндегі  «Елнұр» ШҚ иесі Бейбіт Даумов егін жинап алған. Шаруа арпаның әр келісін 100 теңгеден, сабанның әр бумасын 400 теңгеден сатуға шығарған. Ал басқа тауар өндірушілерде жемнің келісі 130 теңгені құрайды. Шаруалардың жәй-күйімен танысқан Асхат Хамитұлы оларға ауылда шөпті тиімді бағамен сатуға ұсыныстар берді.

IMG-20210805-WA0004

Ә. Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале