4.12.2025, 22:09
Оқылды: 9

Шыңғырлау ауданы әкімінің есептік кездесуі Ақбұлақ ауылында жалғасын тапты

Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Өмірәлиев Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесуге округтің белсенді азаматтары, мекеме басшылары мен тұрғындар қатысты.

image-04-12-25-09-48-2

Алғашқы болып Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Мирлан Хамиев сөз сөйлеп, округ бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Есеп беру барысында ағымдағы жылы ауылда бірқатар маңызды мәселелердің оң шешімін тапқаны айтылды.

image-04-12-25-09-48-5

Атап айтқанда:
• ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жаңа су мұнарасы орнатылды;
• ауыл аумағынан 600 тонна күл-қоқыс шығарылды;
• «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 13 шаруа қожалығы 244 млн теңгеге 16 трактор сатып алды.

image-04-12-25-09-48-9

Одан әрі кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты. Тұрғындар өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, электр энергиясының қысымын күшейту, ескі интернат ғимаратын бұзып алу, ауыл тазалығына қаржыны көбейту мәселелері қаралды.

image-04-12-25-09-48-4

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев көтерілген барлық мәселелердің тиісті сала мамандарымен бірлесіп іс-шаралар жоспарына енгізіліп, кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, олардың жеке мәселелерін тыңдады.

Нұрғали Төлегенов,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале