26.06.2023, 18:15
Оқылды: 42

Шыңғырлау ауданы: аналар алтыннан алқа тақты

Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімдігіне келген бір топ ана қуанышқа кенелді. Көп баланы өмірге әкелген асыл жандарға ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен беріліп отырған алтын алқаны аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев табыс етті.

89F075A9-677B-4825-81FA-19B42792F05A

«Өмірге ұрпақ әкелу, оны дені сау, саналы азамат етіп өсіру аналардан үлкен күш-жігерді талап етеді. Барлық қазақ аналары сияқты сіздердің де баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу, еліміздің болашақ саналы азаматы етіп өсіру жолындағы еңбектеріңізге бас иеміз. Ана аман болса-бала да аман, сондықтан сіздерге мықты денсаулық, отбасы бақытын тілеймін», - деген ізгі тілегін жеткізді.

43B6A35D-E457-4885-BCDE-3F4AA32F77D8

Алтыннан алқа таққан аналар Ақшат және Ащысай ауылдық округінің тұрғындары Жәудір Әділбаева, ЖұлдызБекеева, Индира Кулова, Жадыра Рахимова және күмістен алқа алған Гүлім Болатқызы игі лебізін арнаған аудан басшысына алғыс сезімдерін білдіріп, өздерінің ізін басар аналар көбейе берсе екен деген үкілі тілектерін айтты.                                                                                       

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале