26.03.2026, 17:30
Оқылды: 7

Шыңғырлау ауданында көпбалалы аналарға «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің бастамасымен өткен бұл шараның негізгі мақсаты – отбасы институтының маңызын арттыру, аналардың қоғамдағы рөлін дәріптеу және көпбалалы аналарға деген құрметті күшейту болды. Кездесу барысында аудан басшысы аналардың мейірімі мен тәрбиесінің арқасында ел болашағы қалыптасатынын атап өтті.

image-26-03-26-04-34-4

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталған аналар – Естекова Айгерім Аманғалиқызы және Кубайдуллина Лаура Мақсотқызы. Олар өз еңбектерімен, төзімімен және ұрпақ тәрбиелеудегі үлгілі ісімен көпшілікке өнеге болып отыр.

Салтанатты жиын барысында марапат иелеріне арнайы төсбелгілер табысталып, гүл шоқтары ұсынылды. Сонымен қатар, аналар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі құндылықтар, отбасы бірлігі мен татулық жайында ой-пікірлерін жеткізді.

Аудан әкімі өз сөзінде:

– Ана – отбасының ұйытқысы, берекенің бастауы. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен еңбектеріңіз елдің ертеңі үшін аса маңызды. Көпбалалы аналарды қолдау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, – деп атап өтті.

Шара соңында көпбалалы аналарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілеп, олардың қоғамдағы мәртебесі әрдайым биік бола беретінін жеткізді.

Осындай игі шаралар отбасы құндылықтарын нығайтуға, аналар еңбегін бағалауға және жас ұрпақты тәрбиелеуде өнегелі үлгі қалыптастыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.

 

Нұрғали Төлегенов,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале