3.09.2026, 17:45
Оқылды: 3

Шыңғырлау ауданында сайлауалды штабтың жұмысы қорытындыланды

Шыңғырлау ауданында "Әділет" партиясының мәжіліс залында аудандық сайлауалды штабтың Құрылтай сайлауы науқанында атқарған жұмыстарын қорытындылау жиыны өтті.Белсенді азаматтарға Алғыс хаттар табысталды.

image-03-09-26-04-58

Сайлау науқаны саяси үдеріс қана емес, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың азаматтық белсенділігі мен ортақ іске жұмыла білуінің айқын көрінісі. Осы кезеңде халықпен етене жұмыс істеп, елдің ұсыныс-пікірін тыңдауға, тұрғындармен ашық байланыс орнатуға атсалысқан азаматтардың еңбегі ерекше.

image-03-09-26-04-57 (1)

Осыған орай «Әділет» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында сайлау науқанына белсенді қатысқан аудандық штаб мүшелері мен жастарға партия төрағасы Айбек Дәдебайдың атынан Алғыс хаттар табысталды.

Алғыс хаттарды филиал төрағасы Азамат Таганиязов табыстап, сайлау науқаны кезінде белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарға атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

image-03-09-26-04-58 (1)

Кездесу барысында сайлау науқаны кезінде атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Аудандық штаб тарапынан 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 6500-ге жуық сайлаушымен тікелей кездесу өткізілген. Бұл партия өкілдері мен белсенділердің халықпен тығыз байланыс орнатуға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі.

Әсіресе халықпен тікелей қарым-қатынас жасаудың тиімді тетіктерінің бірі болған «Есіктен есікке» акциясы аясында партия белсенділері ауқымды жұмыс атқарды. Олар тұрғындардың үйіне барып, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, талап-тілектерін жинақтап, халықтың үнін тиісті деңгейге жеткізуге өз үлестерін қосты.

Сайлау науқанының тағы бір маңызды бағыты азаматтардың ұсыныстары мен мәселелеріне құлақ асу. Осы ретте партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне сайлаушылардан 12 ұсыныс пен тілек келіп түскен. Алдағы уақытта олардың әрқайсысы назарға алынып, жүзеге асыру бағытында арнайы жоспар әзірленіп, орындалуы бақылауға алынбақ.

– Жоғары нәтижеге қол жеткізу – бір адамның емес, аудандық сайлауалды штабы мүшелерінің ұйымшылдығы мен бірлескен еңбегінің нәтижесі. Сайлау науқаны кезінде белсенділік танытып, елмен бірге жұмыс істеген әр азаматқа алғысымызды білдіреміз. Халықпен етене байланыс орнатып, тұрғындардың ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізуге атсалысқан жастарымыздың еңбегі де ерекше, – деді филиал төрағасы.

image-03-09-26-04-57

Шара барысында Алғыс хат алған азаматтар үшін бұл марапаттың мәні ерекше болды. Себебі қоғамдық іске жұмсалған еңбектің еленуі жаңа бастамаларға серпін беріп, азаматтық белсенділікті арттыра түсетіні сөзсіз.

Бірлік бар жерде – береке бар.

Ал ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек еткен елдің еңсесі де биік болмақ. Сайлау науқаны аяқталғанымен, халықпен байланыс, тұрғындардың талап-тілегін тыңдау және ел игілігі жолындағы жұмыстар жалғаса бермек.

"Әділет" партиясының аудандық филиалы алдағы уақытта да қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып, ел мүддесіне бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруға ниетті.

 

Сара Шакрат

Шыңғырлау ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале