Шыңғырлау аудандық орталық саябақта балалар ойын алаңының ашылу салтанаты өтті. Шараны аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова құттықтау сөзбен ашып, балалардың ойнауына мүмкіндік жасаған жеке кәсіпкер Бейбіт Бимағамбетовке алғысын айтып, кәсібіне табыс тіледі.
- Бұрын балаларымызды осындай алаңда ойнату үшін қалаға апарушы едік, енді өз ауданымызда ашылғанына қуаныштымыз. Бағасы да қолжетімді, - дейді ауыл тұрғыны Әйгерім Ақбалиева.
Ойын алаңында электрлік скутер, электромобиль, гераскутерлерді кезектесе тепкен балалардың жүздері жайнап, қуанышқа кенелді. Сонымен қатар, алаңда балмұздақ, тәттілер сатылды.
Бақыт Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы,
zhaikpress.kz