22.07.2022, 23:33
Оқылды: 54

Шыңғырлауда балалар ойын алаңы ашылды

Шыңғырлау аудандық орталық саябақта балалар ойын алаңының ашылу салтанаты өтті.​ Шараны аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова құттықтау сөзбен ашып, балалардың ойнауына мүмкіндік жасаған жеке кәсіпкер Бейбіт Бимағамбетовке алғысын айтып, кәсібіне табыс тіледі.

FB_IMG_1658512640861

- Бұрын балаларымызды осындай алаңда ойнату үшін қалаға апарушы едік, енді өз ауданымызда ашылғанына қуаныштымыз. Бағасы да қолжетімді, - дейді ауыл тұрғыны Әйгерім Ақбалиева.

FB_IMG_1658512645365

Ойын алаңында электрлік скутер, электромобиль, гераскутерлерді кезектесе тепкен балалардың жүздері жайнап, қуанышқа кенелді. Сонымен қатар,​ алаңда балмұздақ,​ тәттілер сатылды.

Бақыт Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале