2.03.2025, 14:30
Оқылды: 370

Шыңғырлаудың Ақшат ауылында сайлау өтіп жатыр

Бүгін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңы қағидаларына сәйкес Шыңғырлау ауданына қарасты Ақшат ауылдық округі әкімінің сайлауы өтуде. Бұған дейін белгілі болғанындай аталған лауазымдық орынға үміткерлікке үш кандидат түсіп отыр.

image-02-03-25-12-03-1

Сайлау комиссиясы таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады.Округ бойынша 820 сайлаушы тіркелген.
Учаскелік комиссия төрағасы Айна Темірғалиева дауыс берудің қалыпты жүріп жатырғанын айтып отыр. Сағат 9:30-ға дейін 249 адам, ал сағат 10:33-те 320 тұрғын дауыс берген.
Ең бірінші дауыс берушілер боп ауыл тұрғындары Салихова Гүлбақыт пен ауылдық Мәдениет үйінің басшысы Арман Төлепов атанды.

image-02-03-25-12-03-8
Сайлау комиссиясы мүшелері өз жұмыстарын жақсы орындауда және түгел ұлттық киімде қызмет көрсетуде. Дауыс беруге келгендерге «хош келдіңіз» айтылып, бауырсақ пен көже ұсынылып жатыр.
Ауылының ертеңі өз қолдарында екенін түйсінген жұртшылық сайлау учаскесіне ағылуда.

Қаршыға Асу
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале