7.06.2024, 17:45
Оқылды: 30

Шыңғырлауға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ барды

Қоғамда сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмау, олардың алдын алу және бұқара арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, құқықтық кеңестер беру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы жобасы жүзеге асырылып жатыр.

7CA3496C-4F3B-4AA2-A176-3BD03B383BA3

Жоба аясында арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» Шыңғырлау ауданында іс-сапармен болды. Ең алдымен аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымовтың қатысуымен аудан әкімдігінде болған жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстың, осы бағыттағы бөлімдер есебі тыңдалды.

Кейін құрамында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті  басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Ринат Мұратов, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяхов, нотариус Сәкен Архаров, БҚО Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік инспекторы Еламан Сиражев топтасқан арнайы топ өкілдері халықпен жүздесті.

Олар халыққа тегін құқықтық кеңестер беріп, қабылдаулар жүргізді, жоба жұмысымен таныстырып, құқықтық көмек көрсету шараларын түсіндірді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы, ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер, аудандағы нотариустың жұмысы, мемлекеттік сатып алу заңы, мемлекеттік мекемелердегі еңбекақы және тағы да басқа бағыттар бойынша сұрақтар тұрғындар тарапынан қойылды. Қабылдау жүргізушілер өз кезегінде сұрақтарға жауаптарын беріп, халықтың ұсыныс-пікірлерін қабыл алды.

F7813FBC-EBDF-4AA9-9853-60F69088E84B

Облыстан іс-сапармен келген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» аудандық мекеме, бөлім басшыларымен де кездесті. Аудан әкімдігінде мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жасалып жатқан жұмыстар, оны жою, болдырмау шаралары жайында талқылау өтті.

Жиында төрағалық еткен мобильді топ мүшелері мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері, құқықтары, заң жүзіндегі жауапкершіліктерін айтып, қоғам дертіне қарсы күрес шараларына атсалысуға шақырды.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале