23.03.2024, 18:52
Оқылды: 11

Сырым ауданында ұлттық киім кию байқауы қорытындылады

Сырым еліндегі Наурыз тойында бұқара тек той тойлап, ұлттық құндылықтардың куәгері болып қайтқан жоқ. Сонымен қатар Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Сәкен Муса Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған "Ұлттық киім –  ұлттық болмыс"  байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

IMG_1475

Онкүндік аясында мекеме басшылары және қызметкерлері арасында ұлттық киім кию байқауының нәтижесінде ІІІ орынға А.Шайхиев атындағы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы, ІІ орынға Сырым аудандық қорғаныс істері бөлімі, І орынға аудандық аурухана ұжымы лайық деп танылды.

IMG_1477

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.

IMG_1473

Айжан Амангелдина, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале