8.02.2019, 16:52
Оқылды: 43

Сырым ауданының 82,6 пайызына таза ауыз су жеткен

Бұл туралы Сырым ауданының әкімі Төлеген Серікқалиұлы айтты. Есептік кездесуге облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев қатысуда.

syrym (3)

         -Былтыр Бұлдырты ауылының ауыз сумен қамту жүйесі жаңғыртылды. Биыл Қосарал, Жетікөл, Аңқаты, Тоғанас, Құспанкөл елді мекендерінің ауыз су желісін қайта жаңғырту жұмысы жүргізіледі.

         Жымпиты-Кеңащы топтама су құбыры құрылысының жобалық құжаты дайындалды. Жоба құны - 2,4 млрд теңге. Бұл жоба жүзеге асқан соң, жер асты су қоры аз 5 елді мекен, Шағырлой, Қособа, Жырақұдық, Бұлан, Жамбылға таза су желісін тартуға жобалық құжат жасалады.

Биыл аудандық бюджеттен бөлінген 13 млн. теңгеге 4 ұңғыма қазу жұмысы жүргізілетін болады, -деді аудан әкімі.

IMG_9620 IMG_9621 IMG_9654 syrym (13) syrym (14)

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале