24.12.2023, 10:00
Оқылды: 66

Сырымда Манарбек Сисеновті еске алуға арналған әсерлі кеш өтті

“Мәдениет – мәңгілік, өнер – өміршең” - демекші, Көздіғара топырағында туып-өсіп, ауданның мәдениет саласында өзіндік орнын алған, көптің есінде баянның құлағында ойнайтын қоңыр үнді марқұм Манарбек Сисеновке арналған шаралар тізбегі Сарой ауылында “Манарбек салған ән қандай?!” атты кешпен қорытындыланды.

453e3e24-9574-4303-a560-d15de9b7f532

Манарбек Сисеновтің ауылдастарынан бөлек, өнердегі іні-бауырлары, әріптестері арнайы келіп кештің көркін қыздырды.

e891afc6-22d5-4bf4-9e21-b7d5ef75ee7f

Кештің шымылдығын өнердегі, өмірдегі қарындасы Айгүл Сисенова “Жан аға” әнімен түрсе, Ақтілек Пионеров, Гаухар Хусаинова, Мереке Сисенов, Марат Халиуллин, Еркегүл Өтенғалиевалар “Ауылым”, “Өзіңді аңсап”, “Көзің қайда?”, “Өмір-ай” деп әсем әнмен көрерменнің құлақ құрышын қандырса, Мерген Мұқанов, Армат Алдамжаров, Сәлімжан Әубәкіровтер дәстүрлі әндер орындады.

f03a5fd5-a62d-4016-9caf-38befe0346d7

Манарбек Қожабергенұлының бауырлары “Жан бауырым” деп жүрек тебіренте ән шырқаса, Бекей Қанатов “Тұлғалар қайтып барады” әнімен кешті түйіндеді.

0237faa7-9dfb-40fc-8ffc-1cca47e5d69a

Өнердің “өз баласын” еске алып, әндерін сағынған ағайынға Манарбектің әкесі Қожаберген Сисенов отбасының, ағайын-туманың атынан кешке мұрындық болған жақсылар мен жайсаңдарға алғысын білдірді.

d2e29a89-7b5c-439c-b7dc-2f34dd80e8cb

Айжан Амангелдина, 

Сырым ауданы

Суреттерді түсірген: Сания Серимова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале