27.08.2021, 14:08
Оқылды: 60

Сырымда тамыз кеңесі өтті

Бүгін Сырым ауданында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Кеңес отырысына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. 

 IMG_2954

2021 жылғы кеңес «Білімді ұрпақ – тұрақты дам кепілі» тақырыбын арқау етті. Секциялық жұмыстар 12-25 күндері аралығында Zoom платформасы арқылы өтіп, оған 210 педагог қатысқан.

Кеңестің негізгі баяндамасының мәтіні аудандық «Сырым елі» қоғамдық- саяси газетінің 2021 жылғы 27 тамыздағы №34 санында жарияланды.

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Жанболсынов бүгін әріптестерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, баяндамадағы тірек ақпараттарға ғана тоқталды.

IMG_2949
Пленарлық мәжілісте Қособа мектеп балабақша-бөбекжай кешенінің директоры Жансұлтан Нұрмұханов «Болашақ» бағдарламасы және мектеп директоры: байланысы мен артықшылықтары» тақырыбында, Бұлдырты жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Алмагүл Бисалиева «Білім беру процесінде қашықтан оқытудың ерекшеліктері» жөнінде, ал ата – аналардың бірі Тыныштық Ғаббасова «Қашықтан және дәстүрлі оқыту форматындағы ата-ана рөлі, белсенділігі, кездесетін кедергілер мен басымдықтар» тақырыбында баяндама жасады.

IMG_2939
Кеңесте ауданның білім беру саласына сүбелі еңбек сіңірген 11 педагог ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 3 педагог алғыс хатымен, 14 педагог облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

IMG_2940

Сондай-ақ бірқатар педагогтарға Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиевтің және аудандық білім беру бөлімінің алғыс хаты берілді. Санитарлық жағдайға байланысты марапаттар мектептерге жолданды. Жиынды аудан басшысы қорытындылады.

 

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале