19.02.2021, 16:41
Оқылды: 135

Сырымдық көпбалалы анаға "Күміс алқа" табысталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 15 қаңтардағы Жарлығы бойынша Сырым ауданы, Жетікөл ауылының тұрғыны, 6 баланың анасы Айсәуле Супыгалиева "Күміс алқа" алқасымен наградталды.

1613714247262

Алқаны табыстаған аудан әкімі Төлеген Төреғалиев алтын құрсақты анаға ақжарма тілегін жаудырды.
Айсәуле Кенесарықызы отағасы Орынбасармен 6 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.
Олардың тұла бойы тұңғышы Ерасыл Орал қаласында  физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы, ең кішісі Айжұлдыз мектеп жасына жетпеген.

ана

Алқа табыстау рәсіміне қатысқан аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева ана мен баланы қорғау мәселесіне тоқталды.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале